ПСЖ «Манчестер Ситиге» Неймарды сатып алуды ұсынды

ПСЖ «Манчестер Ситиге» Неймарды сатып алуды ұсынды

Le Parisien басылымы ПСЖ осы жазда бразилиялық шабуылшы Неймарды сатпақшы деп мәлімдеді. Клуб «Манчестер Ситиге» футболшыны ұсынған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның үстіне, «қалалықтарға» ұсыныс жасаған париждіктер келісімге жартылай қорғаушы Бернанду Сильваны қосқысы келеді. Алайда, ағылшындар ПСЖ-ның үндеуіне еш жауап бермеді.

Неймар ПСЖ сапында 2017 жылдың тамызынан бері ойнап келеді. Команда жейдесінде барлығы 144 матч өткізіп, 100 гол соқты және 60 нәтижелі пас берді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или