Әйелдер арасындағы ЕУРО: ширекфиналдық жұптар анықталды

Футболдан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатының ширек финалындағы жұптар белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
20 шілдеде Англия Испаниямен кездеседі. Бұл матчтың жеңімпазы жартылай финалда Швеция — Бельгия (22 шілдеде) жұбының мықтысымен күш сынасады.
Одан бөлек, ширек финалда Германия мен Австрия (21 шілде) кім мықтыны анықтайды. Тағы бір жұпта Франция мен Нидерланды (23 шілдеде) футболшылары кездеседі.
Еуропаның қазіргі чемпиондары - Нидерланды құрамасы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или