«Басшылыққа «Тұранда» қалатынымды айттым». Эржан Токотаев – «Ақтөбеге» қарсы ойын, клуб және маусым жайлы

«Басшылыққа «Тұранда» қалатынымды айттым». Эржан Токотаев – «Ақтөбеге» қарсы ойын, клуб және маусым жайлы
news-banner7
mobile-news-top

«Тұранның» қақпашысы Эржан Токотаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында кейінгі өткен матчтар туралы, клубта болып жатқан жағдай мен маусымға қойылған мақсат туралы айтып берді.

- Эржан, «Жетісуға» қарсы матчта қосалқы құрамда отырдың. Бапкер саған демалыс берді ме, әлде басқа себебі бар ма?

- Матчтың алдында кубок ойындарында бәріміз кезек-кезек шығамыз деген келісім болды. Оның үстіне «Ақтөбеге» қарсы матчта жарақат алып, жеке дайындалдым.

- «Ақтөбемен» ойынға тоқтала кетсең. Не дұрыс болмады?

- Дәлдік жетіспеді деп ойлаймын. Өйткені мұндай командаға қарсы ойында көп мүмкіндік бола бермейді, сондықтан әр сәтті пайдалана білу керек. Бұған қоса болмашы жерден қателік жасадық, соның арқасында қарсыласымыз екі гол соғып кетті.

- Биыл 7 матчта қақпаңды құрғақ ұстады. Бұл чемпионаттағы үздік көрсеткіш. Мұндай нәтиженің қандай да бір әсері бар ма?

- Әрине, жақсы әсері бар. Бірақ бұл тек менің емес, команданың еңбегі. Дайындығымыз жақсы болғандықтан аз гол жібереміз.

- Қазақстандық жанкүйерлер шетелдегі отандастарының ойынын жіті қадағалап отырады. Ал қырғыздар «Тұранның» матчтарын көре ме?

- Әрине, біздің ойындарды, «Тұранның» матчтарын бақылап отырады. Қазақстан чемпионатын көп қырғызстандықтар көреді. Өйткені басқа да командаларда Қырғызстан ойыншылары бар.

- «Мақтааралға» ауысатының туралы ақпарат шыққан еді, алайда бапкерлер штабының таңдауы басқа қақпашыға түсті дейді. Бұл жайында не айтасың?

- Иә, қыста ол командада болдым. Келісімшарт та ұсынды. Бірақ соңғы сәтте бәрі өзгеріп, кетуім керек болды.

- Қаржылық қиындыққа байланысты «Тұраннан» біраз ойыншы кетуді шешті. Трансферлік уақытта басқа командалардан ұсыныс түсті ме?

- Иә, қиындық бар, бірақ клуб басшылығы жағдайды түзеу үшін қолдан келгенін істеп жатыр. Ұсыныс түспеді, өзімнің де кеткім келмейді. Клубпен бұл жайында сөйлесіп, командада қалатынымды айттым.

- Алаңда кездескен қай футболшыға қарсы ойын қиын болды деп айта аласыз.

- ҚПЛ-да мықты ойыншылар көп, олардың ішінен соққысы жойқындарын атап өтейін. Олар Тағыберген, Томасов, Рати және Хосе Канте. Бірақ әр командада ойын тағдырын шеше алатын футболшы бар екенін ұмытпаған жөн.

- Маусым соңына дейін командаға қандай мақсат қойылды?

- Дәл қазір Премьер-лигадағы орнымызды сақтап қалу.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер