Хабиб Нурмагомедовті полициядан қорғап жүр ме?

16 шілде Ақтауда өткен ресейлік Eagle FC мен қазақстандық Naiza FC ұйымдастырған турнир кезінде жағымыз оқиға болды, деп жазады Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Дәурен Ермеков ресейлік Гамзат Хирамагомедовты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы Eagle FC уақытша чемпионы атағын жеңіп алды. Турнирге көптеген ММА жұлдыздары қатысты, атап айтқанда Eagle FC негізін қалаушы Хабиб Нурмагомедов, лига президенті Шамиль Завуров, UFC файтері Шавкат Рахмонов және т.б.

Бұрынғы UFC чемпионын көргісі келген жергілікті жанкүйерлер оны қаумалап алды. Турнир аяқталғаннан кейін Нурмагомедовпен суретке түсіп, қолтаңба алуға тырысты. Жұлдызды қонақты алып жүруге полиция қызметкерлері де атсалысты. Бірақ турнирді ұйымдастырушылардың бірі дөрекілік танытып, полицейді кеудесінен итеріп жіберген.
Kozachkov offside телеграм-арнасының мәліметіне, орынсыз әрекетке барған азамат ақтаулық белгілі меценат Арман Тугаев екен. Бірер күн бұрын ол Шавкат Рахмоновқа пәтер, ал Хабибке қылыш сыйлаған.

«Бейнежазбадағы адамның жеке басы анықталып, Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жолданды», - деді ведомства өкілдері. Ақтау полициясы сонымен қатар департамент бастығының орынбасарын итеріп жіберген азамат 10 тәулікке қамалғанын хабарлады.