Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізді

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 42-ден 39-орынға көтерілді.
Дмитрий Попко 194-інші, Михаил Кукушкин 204-інші (+8), Тимофей Скатов 211-інші, Денис Евсеев 338-орында тұр.
Елордадағы жарыстың финалына дейін жеткен Бейбіт Жукаев 473-тен бірден 447-ге жоғарылады. Бұл - Бейбіт үшін жеке рекордтық көрсеткіш.
Жұптық сында Андрей Голубев 43-інші, Александр Недовесов 62-інші, Григорий Ломакин 205-орынға жайғасты.
Әйелдер арасында Елена Рыбакина 23-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 39-ыншы, Зарина Дияс 243-сатыда тұр.
Жұптық сында Анна Данилина 19-орынға қайта оралса, Жібек Құламбаева 259-ыншы, Гөзал Айнитдинова 445-орында келеді.