Ресми: Динга - «Ордабасы» ойыншысы

Ресми: Динга - «Ордабасы» ойыншысы

Ордабасы» футбол клубы қорғаушы Доминик Дингамен келісім-шартқа отырды.

Динга - сербиялық «Войводина» клубының түлегі. 18 жасында оны «Урал» өз құрамына қосқан және РПЛ-да отызға жуық ойын өткізген. Кейін оның мансабында «Партизанмен» бір маусым өткен, ал соңғы екі маусымда сербиялық ойыншы минскілік «Динамо» сапында доп тепкен.

Сербияның жасөспірімдер және жастар құрамасы үшін өнер көрсеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или