Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы матчына дайындалу үшін ҚПЛ матчтарының уақыты өзгерді

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы матчына дайындалу үшін ҚПЛ матчтарының уақыты өзгерді

ҚКФЛ футболдан Қазақстан чемпионатының 20 тур және Қазақстан Кубогының жартылай финалдық ойындарының өтетін уақытын өзгертті.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының Әкімшілігі Қазақстан футбол федерациясы тарапынан түскен Қазақстан ұлттық құрамасының 2022/2023 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының шешуші ойындарына дайындалуға қажетті жағдай жасау жөніндегі өтінішті назарға ала отырып, OLIMPBET-Чемпионатының 20-турының ойындарын 2022 жылғы 16-18 қыркүйектен аталмыш маусымның 15 қыркүйегіне ауыстыру туралы шешім қабылдады.

УЕФА клубтық жарыстарының топтық кезеңіне қатысуы ықтимал отандық клубтардың OLIMPBET-Чемпионаты 20-турындағы ойындары 2022 жылдың 19-шы қазанына ауыстырылады. Сонымен қатар 19-шы қазанға жоспарланған OLIMPBET-Кубок жартылай финалының ойындары 9 қарашаға ауыстырылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или