Бокс

Әли Ахмедовтің қарсыласы анықталды

Әли Ахмедовтің қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің (18-1, 14 КО) келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

26 жастағы боксшы 30 шілдеде Лос-Анджелестегі (Калифорния, АҚШ) Crypto Arena-да жекпе-жек өткізеді. BoxRec сайтының хабарлауынша, оның қарсыласы «Тайсон» лақап атымен белгілі мексикалық Рикардо Адриан Луна (23-8-2, 15 КО) болмақ. Жекпе-жек он раундтан тұрады.

Әли Ахмедов кейінгі жекпе-жегін былтыр 10 желтоқсанда өткізіп, мексикалық Пауль Валенсуэланы (27-11, 17 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0