Агапова UFC 227 турниріне қатыспайды

Агапова UFC 227 турниріне қатыспайды

Қазақстандық файтер Мария Агапова жарақатына байланысты UFC 227 турниріне қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2022 жылы 30 шілдеде Далласта (Техас, АҚШ) өтетін UFC 227 турниріне Мария Агапова тізе жарақатына байланысты қатыса алмайтын болды. Кореялық Джи Ён Киммен жұдырықтасуы тиіс болған отандасымыздың орнына Панама спортшысы Джозелин Эдвардс өнер көрсетеді.

Кештің басты жекпе-жегінде әйелдер арасындағы жеңіл салмақта UFC чемпионы атағы үшін қазіргі чемпион Джулианна Пенья (11-4 MMA, 7-2 UFC) мен бұрынғы чемпион Аманда Нунис (рейтингте 1-орын<span>, 21-5 MMA, 14-3 UFC)</span> кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или