Джокович Рыбакинаны Уимблдон турниріндегі жеңісімен құттықтады

«Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, сербиялық теннисші Новак Джокович қазақстандық Елена Рыбакинаны Уимблдондағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джокович 2022 жылғы Уимблдон турнирінде де жеңіске жетті.
«Құттықтаймын», - деп жазды ол Рыбакинамен қатар тұрған суретті жариялап.
Айта кетейік, финалда тунистік Онс Жаберді жеңген Рыбакина алғаш рет Уимблдон турнирінде топ жарды. Ал Новак Джокович жетінші рет жеңіске жетті.
<picture><source type="image/webp" alt="" srcset="https://img.prosports.kz/news/content//202207/200495_3b52902b324f1c645d81ce550e366a52.png" />
</picture>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или