Үйіме қайтып келе жатырмын - Рыбакина мәлімдеме жасады

Үйіме қайтып келе жатырмын - Рыбакина мәлімдеме жасады

12 шілдеде елдің бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келеді. Спортшы елордада бірқатар кездесулер өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілеме жасап.

Федерация мәліметінше, Елена Рыбакина елордада журналистерге баспасөз мәслихатын өткізіп, жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі деп жоспарланып отыр.

«Қымбатты қазақстандықтар! Мен үйге қайтамын. Сіздер мен үшін жеңісті болған Уимблдонда маған қызу қолдау көрсеттіңіздер. Мен оны сездім. Алғыс айтамын. Біз тарихқа бірге ендік, бұл – керемет! Өзім әлі де сене алар емеспін», - деді Рыбакина.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или