Шавкат Рахмонов UFC-дегі мақсатын айтты
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгниге қарсы жекпе-жек жайлы және UFC-дегі үлкен мақсаты туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.
«UFC-дің жартылай орта салмақтағы үздік 15 спортшысының қатарына қосылғаныма қуаныштымын. Жақында үздік ондыққа еніп, одан кейін чемпиондыққа жетуге ұмтыламын. Жылына 3 жекпе-жек өткізгенді ұнатамын, бұл мен үшін ең жақсы нұсқа. 2020 және 2021 жылдары менде белгілі бір проблемалар болып, 2 рет ғана октагонға шықтым. Жанкүйерлер менің жақын өнер көрсеткенімді қалайды, бірақ бұл аса маңызды емес. Жекпе-жектен кейін төреші менің қолымды көтергені маңызды.
<span>Нил М</span><span>э</span><span>гни</span> мен үшін тағы бір жақсы сынақ болады. Одан мықты екенімді көрсетуге дайынмын. Жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтау жайлы айтсақ, өзіме ондай мақсат қойған жоқпын. Егер ол қателік жіберіп жатса, ол мүмкіндікті пайдаланамын. Қазір маған титулға ықтимал үміткер ретінде назар аударылып отыр ма? демек мен болашақта UFC чемпионы боламын», - деді қазақстандық файтер UFC Vegas 57 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, <span>Рахмонов – Мэгни</span> жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша 26 маусым күні таңертең өтеді.