«Қазақстан құрамасында ойнағым келеді». Роберт Бауэр – азаматтық ауыстыру туралы

Неміс жартылай қорғаушысы Роберт Бауэр Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында карьерасын қайда жалғастыратынын, азаматтығын ауыстыру туралы айтты.
- Роберт, қайырлы күн! «Сент-Трюйдендегі» жағдайың қалай?
- Бәрі жақсы. Қазір осында, Бельгиядамын. Әлі бір жылдық келісімшартым бар, кейін көре жатармыз.
- Қазақстан құрамасы сапында ойнауға қарсы емеспін деген едің. Қазақстан азаматтығын алу әлі де жоспарда бар ма?
- Әлі де паспорт алып, құрамада ойнағым келеді. Бірақ белгілі бір проблемаға байланысты бұл процесс қиынға соғып жатыр. Менің адвокаттарым Қазақстан сапында ойнауыма бола ма, жоқ па, білмейді.
Фото ашық дереккөздерден