Әлем чемпионаты: Қазақстандық ауыр атлет алтын медаль алды
Қазақстандық зілтемірші Едіге Емберді Мексиканың Леон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
73 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз жұлқа көтеруде 134 келіні бағындырып, кіші «алтынды» алды. Өзбекстандық спортшы Диорбек Ерматов 133 келіні көтерді.
Серпе көтеруде қазақстандық зілтеміршіге тең келер ешкім болған жоқ. Емберді 172 келі зілтемірді басынан асыра көтерді. Ал Ерматов бұл сында 157 келіге ғана әлі жетті.
Қазақстандық жалпы есепте 306 келіні еңсерді. Өзбекстандық спортшы жарысты 290 келі нәтижемен аяқтады. Үшінші орынды Канада өкілі Брайан Ибаньез Герреро алды – 288 келі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или