«Сарыарқа» ҚХЛ-да тәжірибесі бар 3 қорғаушымен келісімшарт жасасты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Сарыарқа» трансфер нарығында белсенділігін төмендетпей отыр. Қарағандылық клуб қорғаушылар Захар Шабловскиймен, Егор Огиенкомен және Артём Швайковскиймен келісімшарттар жасасты.
«Автомобилист» жастарының жиырма жастағы қорғаушысы Артём Швайковскийдің ЖХЛ деңгейіндегі біршама ойын тәжірибесі бар. «Авто» үшін ойнаған 174 матчта Швайковский 31 ұпай жинады. Сондай-ақ Артём U-17 Ресей құрамасының құрамында болды.
Захар Шабловский Құрлықтық хоккей лигасында мәскеулік «Спартак» құрамында 20 ойын өткізіп, 1 нәтижелі балл иеленді. Мансап жолының көп бөлігін Шабловский нижегородтық «Торпедоның» фарм-командалары құрамында өткізді. Жастар лигасында солақай қорғаушының нәтижелілігі әлдеқайда жақсы болған: 147 матчта Захар 91 ұпай жинаған болатын. «Қырандармен» келісімшартқа қол қояр алдында Шабловский латвиялық «Лиепая» клубында ойнады.