Хоккей

«Құлагер» сапына екі хоккейші қосылды

«Құлагер» сапына екі хоккейші қосылды
news-banner7
mobile-news-top

Шабуылшы Алексей Закарлюкин мен қорғаушы Илья Рыжий петропавлдық «Құлагер» командасына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда Закарлюкин атыраулық клубтың намысын қорғады. Тұрақты маусымда 33 ойында 4 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді. Плей-офф кезеңінде 11 матчтың барлығына қатысып, 2 нәтижелі пас беріп, командасына қола медаль жеңіп алуға көмектесті.

Өткен маусымда «Бейбарыс» ХК-да ойнаған Илья Рыжий тұрақты маусымдағы 38 ойында +12 пайдалылық индексімен 10 ұпай (3+7) жинады. Плей-офф кезеңіндегі 8 ойында ол бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді және +3 пайдалылық көрсеткішін алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер