Хоккей

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Франциядан ұтылды

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Франциядан ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші кездесуінде Франциямен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Юрий Михайлис келесі құрамды шығарды: Шутов (Кудрявцев) - Сведберг-Данияр, Шевченко-Шестаков-Акользин; Орехов-Блэккер, Панюков-Волк-Михайлис; Металников-Бекетаев, Старченко-Сагадеев-Савицкий; Шалапов, Әсетов-Гурков-Петухов, Рахманов.

Элитадағы орын үшін күресте екі командаға да жеңіс керек болды, бірінші кезең Валерий Ореховтың шайбасының арқасында қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды, ал екінші кезеңде француздар Александр Тексие және Флориан Шакиашвили соққан шайбылардың арқасында есепте алға шықты.

Соңғы жиырма минутта есеп өзгеріссіз қалды. 2:1 – қазақстандықтардың турнирдегі екінші жеңілісі.

Қазақстан келесі ойынын 17 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен 23:20-да Швейцарияға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер