Командалық

«Астана» кәсіби баскетбол клубына жаңа басшы келді

«Астана» кәсіби баскетбол клубына жаңа басшы келді
news-banner7
mobile-news-top

Валерий Тихоненко «Астана» кәсіби баскетбол клубының бас директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл міндет енді Самсон Аракелянға жүктелді.

«Астана» баскетбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, С.Аракелян клубтың жалғыз құрылтайшысы «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қорының шешімімен тағайындалды.

Самсон Аракелян 44 жаста. Жаңа лауазымға дейін Ақтаудың «Каспий» баскетбол клубын басқарды.

«Sport Qory» бас директоры Асхат Сейсембектің айтуынша, балалар академиясын дамыту және жергілікті тәрбиеленушілерді даярлау, «Астана» брендін және жалпы Қазақстан баскетболын танымал ету тұрғысында клубқа терең реформа жасалатын болады. «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатына қатысуын жалғастырады.

Экс-бас директор В.Тихоненко «Астанаға» 2011 жылдан бері басшылық етті. Оның жетекшілігімен елорда баскетболшылары Қазақстан Ұлттық лигасының 10 мәрте чемпионы, Қазақстан Кубогының 9 мәрте иегері, Қазақстан Ұлттық лигасының күміс жүлдегері, Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері, ФИБА Азия чемпиондары кубогының қола жүлдегері, ВТБ Бірыңғай лигасының қатысушысы болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер