Алматыда дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия кубогі өтеді
Алматыда дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасында Азия кубогі өтеді
Алматыда 13-15 мамыр күндері Балуан Шолақатындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді. Азия кубогіне 2005-2006 жылы туған жасөспірім, 2002-2004 жылдары туған жас дзюдошылар қатысады. Аталғанқұрлықтық бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және АҚШ құрамаларынан 700-ден астам спортшы бақ сынайды.
Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес Азия кубогі Қазақстанда осымен бесінші рет ұйымдастырылады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне IJF ережесінесейкес әлемдік рейтингте ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.