Эдди Хирн Головкин – «Канело» трилогиясы қайда өтетінін айтты

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн FightHype-ге берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтетін орында атады, деп жазады Prosports.kz.
– Бәрі келер сенбіде шешіледі, бұл біздің жоспарымыз. Токиода бәрі жақсы аяқталды (Головкин Муратаны жеңді). Бірақ келер аптада «Канело» Биволды ұтуы керек. Бұл керемет жекпе-жек болады деп ойлаймын. Егер «Канело» жеңіске жетсе, онда қыркүйекте GGG-мен трилогия өтеді деп үміттенуге болады, - деді Хирн.
– 17 қыркүйекте өте ме?
– Дәл солай.
– Жекпе-жекті АҚШ-та өткізесіздер ме, әлде шетелде ме?
– Әртүрлі нұсқаны қарастырып көреміз. Менің ойымша, Лас-Вегаста өту мүмкіндігі жоғары.
Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтті. 2017 жылы қыркүйекте тең нәтиже тіркелді. Ал тура бір жылдан кейін өткен екінші кездесуде Альварес төрешілер шешіммен жеңіске жетті.