«Барселона» финалға бір қадам жақындады

Чемпиондар Лигасының жартылай финалдық ойынында испаниялық «Барселона» өз алаңында мюнхендік «Баварияны» қабылдап, жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Камп Ноудағы» матч алаң иелерінің қысым көрсетуімен басталды. 12-ші минутта Луис Суарес қақпашымен жеке шыққан еді, алайда Мануел Нойер керемет сейв жасады. Арада үш минут өткенде Неймардың да есеп ашатын тамаша мүмкіндігі болды, бірақ доп қорғаушылардың біріне тиіп алаң сыртына шығып кетті.

Немістердің қауіпті шабуылын 20-шы минутта Томас Мюллер ұйымдастырды. Оң қапталдан асырылған керемет пасқа Роберт Левандовский аяғын тосып үлгергенімен, қақпадан қиыс кетті.

Екінші таймның 77-ші және 80-ші минуттарында Лионель Месси дубльдің авторы атанды. Қос гол да аргентиналықтың жеке шеберлігінің арқасында соғылды. Месси өзінің еурокубоктағы 100-ші ойынында Чемпиондар Лигасындағы 77-ші голын соғып, Криштиану Роналдуды артта қалдырды.

Өте нашар ойын көрсеткен қонақ команда матчтың қосымша уақытында сылбыр қимылдарының кесірінен тағы бір гол жіберіп алды. Қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланған Неймар Нойер қорғаған қақпаға үшінші голды енгізіп, командасын финалға бір табан жақындатты.

Қорытынды есеп – 3:0. Қарымта матч мамырдың 12-сі күні Мюнхен қаласында өтеді. Естеріңізге сала кетейік, «Ювентус» және «Реал» арасындағы алғашқы жартылай финалдық ойында туриндік команда 2:1 есебімен басым түскен болатын.

Чемпиондар Лигасы. Жартылай финалдың алғашқы ойыны.

«Барселона» (Испания) – «Бавария» (Германия) 3:0 (0:0)

Голдар: Месси 77 (1:0), Месси 80 (2:0), Неймар 90+ (3:0)

06.05.2015. Барселона. «Камп Ноу» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или