«Алматинский Легион» «Иркуттен» жеңіліп қалды

«Алматинский Легионның» баскетболшылары Ресей Суперлигасының 13-16-орындары үшін өткен плэй-офф ойынында «Иркутке» жол берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қонақтар төрт кезеңнің үшеуінде сәтті өнер көрсетіп, 85:74 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атағын 23 ұпай жинаған алматылық команданың баскетболшысы Дмитрий Свиридов алды.

«Легионерлердің» «Иркутке» қарсы екінші кездесуі 23 сәуірде «Достық» спорт кешенінде өтеді. Басталуы – 19:00.

«Алматинский Легион» (Алматы) – «Иркут» (Иркутск) 74:85 (12:20, 23:18, 22:24, 17:23)

«Алматинский Легион»: Свиридов (23, 8), Михеев (19), Воейков (13), Әмірханов (5, 9), Р. Марчук (5), Евстигнеев (5), Двирный (4).

«Иркут»: Куземкин (19, 11), Сухинин (19), Муравьев (13), Черныш (10), Макушкин (10), Калинин (4), Каэтано (4), Михалев (4).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или