Хоккей

Хоккейші тепкен «Алматының» бұрынғы бас бапкері қызметінен қуылды

Хоккейші тепкен «Алматының» бұрынғы бас бапкері қызметінен қуылды
news-banner7
mobile-news-top

«Сарматы» жастар хоккей командасының бас бапкері Владимир Громилин қызметінен кетті. Келісімшартты бұзу туралы шешімді Орынбор клубының басшылығы қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz 56orb.ru сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, жақында желіде Тюменьде «Сарматы» мен «Тюмень легионы» арасындағы матч кезінде Громилин 19 жастағы шабуылшы Егор Разумняктың (No94) әрекетіне наразы болып, оны тепкен видео пайда болған еді. Кейін бапкер ресми түрде кешірім сұраған. Клуб мұндай әрекетке жол беруге болмайтынын және қабылдамайтынын айтты.

Громилин 2019 жылдан бері «Сарматы» командасын баптаған. Енді Дмитрий Стулов бас бапкер қызметін атқаратын болады. Оның есімі орынборлық жанкүйерлерге жақсы таныс. Дмитрий Георгиевичтің жетекшілігімен орынборлықтар өз тарихында жалғыз рет плей-офф кезеңіне шыға алды.

Айта кетейік, 2018 жылы Владимир Громилин «Алматы» хоккей клубын жаттықтырған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер