Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында қызықты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз дайынбыз» деп жазды Жәнібек.

Әлімханұлы жақында WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жекке ресми үміткер болып танылды. WBO Әлімханұлы мен Деметриус Андрадены (31-0, 19 КО) жекпе-жек туралы келісімге келуге міндеттеді.

Еске салайық, 2021 жылы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) екі жекпе-жек өткізді. Маусым айында америкалық боксшы Роб Брунтпен (26-3, 18 КО) жекпе-жек өткізіп, оны сегізінші раундта жеңсе, қарашада француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-6, 21 КО) жұдырықтасып, оны да сегізінші раундта нокаутқа жіберді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или