«Тигры Астаны» баскетбол командасы чемпион атанды

15-ші сәуір күні Щучинск қаласында ҚР әйелдер арасындағы баскетбол чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Тигры Астаны» командасы «Оқжетпесті» екінші мәрте жеңіп чемпиондық атаққа қол жеткізді. Финалда 65:61 есебі тіркеліп, елордалық клубтың пайдасына шешілді. 13-ші сәуірде өткен алғашқы кездесуде де астаналықтар 63:61 есебімен қарсыласын артта қалдырған. «Оқжетпес» өз кезегінде күміс жүлдеге ие болды.

Қола медаль үшін болған серияда палодарлық «Иртыш-ПНХЗ» жеңімпаз атанды. Сәуірдің 13-інде өткен алғашқы ойында палодарлықтар Ақмола облысының құрамасын 78:42 есебімен жеңген болатын. Екі күннен соң «Иртыш-ПНХЗ» қарсыласын 69:48 есебімен шаң қаптырды.

ҚР ҰБЛ сайтының арнайы материалынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или