«Шоу жасауға дайынмын». Қайрат Ахметов келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстандық ONE FC файтері Қайрат «Қазақ» Ахметов «Король» лақап атымен танылған филиппиндік Дэнни Кингадпен жекпе-жек алдында пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен 100% дайынмын. Ешқандай жарақат немесе мені алаңдататын ештеңе жоқ. Мен өзімді тамаша сезінемін. Қолымнан келгенше шоу жасауға дайынмын. Жанкүйерлер өте тартысты жекпе-жекке куә болады - деді Ахметов ONE Championship ұйымының басылымына берген сұқбатында.
Ахметов - Кингад жекпе-жегі 17 желтоқсанға жоспарланған және Сингапурдағы One Championship турнирі аясында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или