Шавкат Рахмонов UFC-дегі үшінші жекпе-жегін жариялады
UFC ұйымында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ең танымал промоушен аясында мозамбиктік Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шавкат Instagram парақшасында жанкүйерлеріне арнаған жазбасын жариялады.
«<span>Ассаламуағалейкүм! Бұйыртса 2022 жылдың 5-ші ақпанына келісімшартқа қол қойылды</span>», - деп жазды спортшы.
Еске салайық, Рахмонов UFC аясындағы соңғы жекпе-жегінде 2021 жылы маусымда бразилиялық боксшы Мишель Прарезиспен кездескен болатын. Жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ екінші раундта Шавкаттың жеңісімен аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или