Хоккей

«Барыс» сырт айдында жеңіске жетті

«Барыс» сырт айдында жеңіске жетті

Қазақстандық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Череповецтің «Серверсталь» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Череповецте өткен кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. 

Елордалық команда сапында Кирилл Савицкий, Роман Старченко мен Олле Альсинг қанжығасын майлады. Ал овертаймда шешуші шайбаны «Барыс» форварды Кертис Волк соқты.

Осылайша, «Барыс» 4 матч қатарынан жеңілістен кейін жеңіске жетіп, Шығыс Конференциясында 26 ұпаймен 10-орында тұр.  

«Северсталь» (Череповец, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 3:4 ОТ (2:1, 1:1, 0:1, 0:1)

Шайбалар:
0:1 - Савицкий (Орехов, Савченко) - 02:17
1:1 - Лишка (Хохлов, Гераськин) - 11:24
2:1 - Емец (Казаков) - 19:51
2:2 - Старченко (Куник, Савченко) - 21:44
3:2 - Колмыков (Казаков) - 24:36
3:3 - Альсинг (Асетов, Данияр См.) - 48:56
3:4 - Волк (Старченко) - 63:15

Қақпашылар: Шугаев — Ортио

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0