Велоспорт

Тректегі велоспорттан әлем чемпионаты: Сергей Пономарев кейрин бойынша жарысты сәтсіз аяқтады

Тректегі велоспорттан әлем чемпионаты: Сергей Пономарев кейрин бойынша жарысты сәтсіз аяқтады

Қазақстандық велошабандоз Сергей Пономарев әлем чемпионатының іріктеу кезеңінен өте алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Францияның Рубэ қаласында тректегі велоспорттан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Дүниежүзілік біріншілікте кейрин санаты бойынша ерлер арасында үздіктер анықталды.

Аталған санат бойынша жарыс жолына шыққан Қазақстан құрамасының мүшесі Сергей Пономарев іріктеу кезеңінен аса алмады. Ол өз тобында жарысты бесінші болып аяқтады.

Айта кетерлігі, Харри Лаврейсен (Нидерланды) топ жарса, Джеффри Хогланд (Нидерланды) күміспен күптелді. Ал ресейлік Михаил Яковлев қола жүлдегер атанып, үздік үштікті түйіндеді.

Түпнұсқасы: olympic.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0