ГЛАВНАЯ
Жас боксшы аюды пышақтап өлтірді
Жас боксшы аюды пышақтап өлтірді

Ресейлік боксшы Илья Медведев Тюмень облысында аюды пышақпен өлтірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аю Медведевті қосқанда үш балықшыдан тұратын топқа шабуыл жасаған. Алдымен аң 48 жастағы ер адамды өлтірді, содан кейін боксшыға ұмтылған. Илья аюға бірнеше пышақ жарақатын салып үлгерген.
Жабайы жануармен күрес кезінде Медведев басынан және аяқ-қолынан жарақат алды. Үшінші балықшы спортшыны қайықпен медициналық орталыққа жеткізіп үлгерген. Ол қазір реанимацияда, жағдайы ауыр күйінде қалып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или