«Алтай» волейболшыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріледі

«Алтай» волейболшыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріледі

Биыл Азия чемпионы атанған шығысқазақстандық «Алтай» волейбол клубының ойыншыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілмек.

<span>Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Алтай» волейболшыларымен кездесу өткізіп, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын клубтық Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. </span>

<span>«Алты жыл бұрын біз осы клубты құрдық. Волейболшыларымыздың мұндай мықты нәтижелерге қол жеткізе алатындығына көбінің күдікпен қарағаны рас. Бірақ бүгінде олар мүмкін емес ештеңе жоқтығын дәлелдеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Мәдениет және спорт министріне «Алтай» ойыншыларына халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беруді тапсырды», - деді аймақ басшысы. </span>

<span>Оның айтуынша, қазір клубтың басты мақсаты – Қазақстан чемпионатында лайықты өнер көрсетіп, 2024 жылы Олимпиада ойындарына дайындалу және әлемнің ең үздік клубтарының үштігіне кіру. </span>

<span>«Бастысы алдыға асқақ мақсаттар қоюдан жасқанбай, керісінше оған жетудің жолдарын қарастырудан тайынбау қажет. Команданың күшейіп жатқаны қуантады. Ал екінші «Алтай» командасы да қазақстандық жарыстарда өз өнерлерін көрсетуге сақадай сай. Сондай-ақ Семей қаласында тағы бір клуб ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Өйткені волейбол өте танымал және көптеген азаматтардың қызығып көретін спорт түрі», - деді Даниал Ахметов.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или