Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» түзде «Авангардқа» есе жіберді

ҚХЛ: «Барыс» түзде «Авангардқа» есе жіберді

Құрлықтық хоккей лигасы матчында «Барыс» сырт алаңда Омбының «Авангард» командасымен ойнады, деп жазады Prosports.kz.

Юрий Михайлис келесі құрамды шығарды: Бояркин (Ортио) — Мартинссон-Диц, Асетов-Куник-Фрэттин; Альсинг-Шалапов, Михайлис-Волк-Лилья; Орехов-Данияр, Старченко-Зубов-Савицкий; Берглунд-Шестаков-Петухов, Мусоров-Кайыржан.

Алғашқы жиырмаминуттықта шайбы соғылған жоқ. Матчтың екінші бөлігінде «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы Корбан Найт есеп ашса, үзіліс алдында Алексей Емелин таблодағы көрсеткішті 2:0 қылды. 
Соңғы кезеңде елордалық команда қатарынан Никита Михайлэс есепті қысқартып, командаға үміт отын сыйлаған. Алайда, қожайындар тағы екі шайбы соғып, сенімді жеңіске жетті. Қорытынды есеп 4:1. 
15 қазанда «Барыс» қытайлық «Kunlun Red Star» командасымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0