Футзал

«Ұлттық құрама бәрінен маңызды!». Қайрат Оразбеков – 2021 жылғы әлем чемпионаты жайлы

«Ұлттық құрама бәрінен маңызды!». Қайрат Оразбеков – 2021 жылғы әлем чемпионаты жайлы
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» футзал клубының президенті, ҚФФ футзал комитетінің төрағасы Қайрат Оразбеков Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының көрсеткіші, эмоциясы мен әлемдік футзалдағы жаңа тенденциялар туралы айтты.

- Иранмен ойында алғашқы тайм 2:0 есебімен аяқталған кезде қандай күйде болдыңыз?

- Ешқандай жаман сезім болған жоқ. ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков моральдық-психологиялық қолдау көрсетті. Оның жаттығуларға қатысып, жігіттерге жеке қолдау көрсетуі командадағы эмоционалды фонды жақсартқаны сөзсіз. Біз командамен бірге 25 жыл бойы мұндай сынақтардан сүрінбей өттік.

Иә, жігіттер үш ойынның басы ауыр болды, бірінші тайм өте қиын өтті, аздап қобалжу болғаны рас. Бірақ екінші таймда бәрі орнына келіп, лайықты жеңіске жеттік. Біздің команданың әлеуеті зор, ол әлі толық ашылған жоқ.

Үзіліс кезінде киім ауыстыратын бөлмеге бардым. Кака және Сергей Коридземен бірге сөйлестік. Бас жаттықтырушы бір минут сөз сөйледі, мен де жігіттермен біраз пікірлестім. Әдеттегідей біз бір мақсат, бір нитетте алға жылжитынмыз айтылды, орынды сөздер көңілден орын алған секілді, жігіттер ойынға жегерленіп, серпіліп шықты.

- Ең күрделі сәтте командамен бірге жаттықтырушы орындығында болғыңыз келді ме?

- Иә, әрине, қиын сәттерде командаға көмектескім келеді. Тіпті әр матчта ойыншылармен бірдей күй кешемін. Бірақ чемпионат барысында менде басқа міндеттер мен функциялар бар. Сонымен қатар, біздің бапкерлер Кака мен Коридзе міндеттерін өте жақсы орындап жатыр деп ойлаймын.

- Ойынға «Қайрат» футзал клубының тарихындағы ең табысты бапкер Какау да келді. Ол біздің қазіргі команда жайлы қандай ойда? Жалпы, сіз онымен не туралы сөйлестіңіз?

- Иә, біз онымен сөйлестік, ол Қазақстан құрамасының ойынына, оның ұйымдастырылуына, жаңа органикалық стильге, тәртіпке шын жүректен тәнті болды. Ол біздің құрамада көптеген жоғары деңгейдегі отандық ойыншылар мен жаттықтырушылардың пайда болғанына және елдегі футзалдың жақсы дамып жатқанына қуанатынын айтты.

- Литвада өтіп жатқан әлем чемпионаты сізді несімен таңғалдырды? Футзал әлемінде жаңа леп байқала ма?

- Кезекті әлем чемпионаты әлем футзалы қай бағытта дамып жатқанын, әр конфедерацияда қандай үрдістер бар екенін анық көрсетеді. Айтайын дегенім, футзал жылдамдық қасиеттері тұрғысынан өзгерді - бұрынғыдан да ширақ бола түсті. Барлық команда тәртіпті әрі бар ынтасымен ойнап жатыр. Ұлттық құрамаларда басты рөлді жұлдызды ойыншылар емес, мықты командалық ойын атқарады. Бұл жартылай финалдағы Аргентина - Бразилия матчынан анық байқалды: аргентиналықтардың жылдамдығына, тәртіпті және командалық әрекеттеріне қарсы жұлдыздар жиналға Бразилия құрамасы ештеңе істей алмады.

Сонымен қатар, нәтижеге жаттықтырушылардың ықпалы күннен-күнге артып келе жатқанын айтқым келеді. Мысалы, Бразилияда әрқашан жоғары сапалы орындаушылар болған, қазір де бар, кейін де болады, бірақ 2021 жылғы әлем чемпионатында бұл командадан жаттықтырушының қол таңбасын байқай алмадым. Мүмкін жұлдыздар өздерінің талантының арқасында үнемі жеңіске жетеміз деп ойлаған шығар, бірақ футзал - командалық спорт. Ал Аргентина, менің ойымша, ең заманауи, болашағы бар және түсінікті футзал көрсете алды, бұл командада әркім өз рөлін біледі және жаттықтырушы тапсырмасын нақты орындайды.

- Турнирдің ұйымдастырылуы туралы не айтасыз?

- Бұл мен қатысқан үшінші әлем чемпионаты, бұған дейін Гватемала мен Колумбияда болдым. Сол үшін салыстырып айта аламын. Айтқым келетіні, УЕФА-ның ұйымдастыру деңгейі әлі де ФИФА-дан жоғары, Еуропа - ол қашан да Еуропа.

Ал Қазақстан құрамасына келетін болсақ, біздің федерация құраманың барлық жағдайын жасаған. Біз тек ойынды ғана ойлаймыз. ҚФФ бізге қажет нәрсенің бәрін берді, федерацияның команданы қолдауы өте жақсы.

- Біздің құраманың жартылай финалға шығуы - жаңа тариых. Үздіктер қатарына қосылдық па?

- Осы жолы әлемнің үздік жеті құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, тек Сербияның орнына Марокко құрамасы өтті. Осыған қарап ФИФА рейтингісі әр команданың нағыз күшін көрсетеді деуге негіз бар. Әлем чемпионаты басталғанға дейін біз жетінші орында тұрдық, алда одан да жоғарылаймыз.

- Сіз үшін «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы жеңісі мен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы жеңісі қайсысы құндырақ болар еді?

- Бірден айта аламын: ұлттық құрама мен үшін әрқашан бірінші орында болады. Себебі бұл - Қазақстанның намысы, тудың намысы, бұл елдегі футзалды дамыту бағдарламасы бойынша мыңдаған адамдардың еңбегі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер