Ауыр атлетика

Ауыр атлет Линдер өлімі: ұлттық құраманың жаттықтырушысы Седов қызметінен босатылды

Ауыр атлет Линдер өлімі: ұлттық құраманың жаттықтырушысы Седов қызметінен босатылды
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлеттердің жаттықтырушылар штабына шағымын тергеу аясында Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы ерлер ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Сергей Седов туралы шешім қабылдаған комиссия құруға бастама көтерді, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Седов 28 қыркүйектен бастап мән-жай анықталғанға дейін және қызметтік тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін қызметінен алынып тасталғаны айтылды.

Еске салайық, 25 жастағы Альберт Линдердің өлімі 17 қыркүйекте белгілі болды. Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы суцид жасаған. Осыдан кейін оның ағасы Семен Линдер оның барлық медальдарын көміп, інісінің өліміне бапкерді кінәлады. Ал бірқатар ауыр атлеттер Қазақстан ұлттық құрамасының ауыр атлеттер тобы жаттықтырушыларына шағым айтып, сынға алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер