Ауыр атлетика

Ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің қазасына байланысты ресми мәлімдеме жасады

Ауыр атлетика федерациясы Альберт Линдердің қазасына байланысты ресми мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы қайтыс болған зілтемірші Альберт Линдердің өлімі төңірегіндегі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz.

Мәлімдеме федерациясының ресми сайтында жарияланды.

«Кеше кешкісін ауыр атлетикадан ҚР құрамасының бұрынғы мүшелері, оның ішінде қаза тапқан Альберт Линдердің ағасы әлеуметтік желідегі парақшаларында құрама командасының жаттықтырушыларына шағым және сын айтты.

ҚР Ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауға алуға және әрбір айыптау бойынша тексеріс жасауға ниетті.

Жақын арада ААФ әрбір атлетпен байланысып, ішкі тергеу жүргізеді, оның қорытындысы туралы қосымша хабарланады», - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, 17 қыркүйекке қараған түні қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер 25 жасында қайтыс болды. Белгілі болуынша, спортшы өзіне қол жұмсаған.

Осыдан кейін бірнеше зілтемірші медальдарын лақтырып, наразылық білдірген. Ал кеше қайтыс болған спортшының ағасы Семен жарақат алған Альбертке жаттықтырушылар тарапынан еш қолдау болмағанын жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер