Қазақстан U-21 – Түркия U-21 матчы Қарағандыда өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жастар құрамасының (U-21) 2023 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы Түркияға қарсы матчы Қарағандыда өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Матч Қарағандыдағы «Шахтер» футбол клубының стадионында өтеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстан U-21 – Түркия U-21 матчы 12 қазанға жоспарланған. Түріктерге қарсы кнздесу алдында біздің жігіттер 9 қазанда Бельгиямен ойнайды.

Айта кетейік, кезекті іріктеу турнирінде Қазақстан жастар құрамасы екі матч өткізіп, екеуінде де жеңілді (Бельгиядан 1:3, Даниядан (0:1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер