Қазақстан U-21 – Дания U-21 матчының билеттері сатылымға шықты

Қазақстан U-21 – Дания U-21 матчының билеттері сатылымға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясы 2023 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан – Дания матчының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Еске сала кетейік, елорданың бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Қазақстан U21 – Дания U21 матчына ASHYQ қосымшасы арқылы стадионның 20 пайызына жанкүйер кірсе болады.

Назар аударыңыз! Билеттерді тек онлайн режимінде сатып алуға болады. Адамдардың көп жиналуын болдырмау үшін «Астана Арена» стадионының кассаларында билеттер сатылмайды.

Стадионға кіру ASHYQ қосымшасы арқылы жүзеге асыралады. Жанкүйерлер әлеуметтік қашықтықты сақтап, медициналық бетперде тағуы тиіс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер