Әлем футболы

Роналдуға Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені жүлдесі табысталды

Роналдуға Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені жүлдесі табысталды
news-banner7
mobile-news-top

Португалия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Ирландияны 2:1 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойын басталар алдында Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналдуға Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені жүлдесі табысталды.

Биыл жазда өткен құрлық біріншілігінде Роналду 5 гол соғып (1 нәтижелі пас), чемпионаттың үздік сұрмергені атанған. Португалия құрамасы 1/8 финалда жарыс жолынан шығып, еліне ерте қайтқандықтан, Роналдуға сыйлық енді ғана табысталып отыр.

Айта кетейік, Португалия - Ирландия матчында Криштиану екі гол соғып, командасына жеңіс сыйлады. Әрі ұлттық құрама сапында 111 гол соғып, әлемдік рекордты орнатты. Бұған дейін бұл рекорд ирандық форвард Али Даеиге (109 гол) тиесілі болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер