Украина құрамасының бас бапкері Руслан Валиуллинге баға берді

Украина құрамасының бас бапкері Руслан Валиуллинге баға берді
news-banner7
mobile-news-top

Украина құрамасының бас бапкері Александр Петраков қазақстандық Руслан Валиуллин туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жігіт жарады, біздің оң қапталдағы қорғаушымыздан толығымен басым болды. Бірақ біздің ойыншымыздың салы суға кетіп отыр. Бір адамды кінәлай салуға болмайды. Бірге-бір шыққан футболшылар неге гол салмады? Футбол бұл командалық ойын», - деді Петраков.

Айта кетейік, ӘЧ-2022 іріктеу кезеңіндегі Қазақстан - Украина матчы 2:2 есебімен аяқталған болатын. Валиуллин бұл ойында екі гол соққан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер