Баскетболдан әйелдер арасындағы ел чемпионы алтыннан күдерін үзді

Баскетболдан әйелдер арасындағы ХХІІІ Қазақстан чемпионатының жүлделі орындарын сарапқа салатын командалар жұбы анықталды, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы.

Негізі, Ұлттық лиганың Павлодар қаласында өтіп жатқан төртінші туры бүгін кешке аяқталады. Әйтсе де, чемпиондық атақ пен алтын медаль үшін таласатын екі команда кеше белгілі болды.

Еліміздің былтырғы маусымдағы чемпионы, Павлодардың "Ертіс-ПНХЗ" клубы Көкшетаудың "Оқжетпесінен" 58:73 есебімен ұтылып қалып, үшінші орынмен шектелді. Ал бүгін қалған екі ойын өтеді.

Алайда бүгінгі ойындар ел біріншілігі кестесіне ешқандай өзгеріс енгізбейді. "Оқжетпес" бүгін Астана қыздарынан ұтылса, бір ұпай, ал егер ұтып кетсе, екі ұпай еншілейді. Яғни бүгінгі екі ойын қандай нәтижелермен аяқталса да, командалар өз орындарында қалады.

Сонымен финалда Астананың орыс тілінде аталатын клубы мен Көкшетаудың "Оқжетпесі" додаға түсіп, саф алтынды сарапқа салады. Ал "Ертіс-ПНХЗ" клубы мен Ақмола облысының арулары қола жүлдеге таласады. Ал финалдық ойындар 14-17 сәуір күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или