Бокс

«Соққы жасап үлгермедім». Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы жеңілісінің себебін айтты

«Соққы жасап үлгермедім». Қамшыбек Қоңқабаев Токиодағы жеңілісінің себебін айтты
news-banner7
mobile-news-top

Бокстан Қазақстан командасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасындағы жеңілісінің басты себебін түсіндірді. Бұл туралы ол Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Команданың фавориті, капитаны болдым. Жартылай финалға шыққанда бапкерлер құрамымен барлығын ақылдастық. Жаттықтырушылармен арнайы тактика қойдық. Өзімнің жартылай финалда қойылған тактикамды дұрыс болды деп есептеймін.

Бірінші раундта ұпаймен жеңіп тұрған сияқты болдым. Оны тек мен ғана емес, сырт көзден бәрі солай айтып жатыр. Соған қарамастан бірінші раундта төрешілер қарсыласыма көп ұпай берді. Одан кейін менде бір бас емес. қарсыласымнан екі бас жоғары тұру керек деген ой туындады. Екінші раундта тактиканы өзгертіп, бірінші номерлі болып жұмыс істеу, қарсыласты ұрып шығу болды.

Өздеріңіз көрдіңіздер, екінші раундтың басында шамалы есеңгіреткеніммен есеп ашылмады. Соққыны толық жасап үлгермедім. Артынша маған ескерту берілді. Соның бәрі жеңілісіме септігін тигізіп, кері әсер етті», - дейді Қамшыбек.

Қамшыбек Қоңқабаев бокстан Токио Олимпиадасында үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер