Мбаппе: Франция чемпионатының деңгейі жоғары емес

«Пари Сен–Жермен» футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының деңгейі жоғары емес екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.
- Франция біріншілігі әлемдегі ең үздік чемпионат емес. Бірақ көшбасшы ойыншылардың бірі ретінде, чемпионаттың деңгейін көтеруге менің де жауапкершілігім бар, - деді Мбаппе Esquire журналына берген сұхбатында.
Сонымен қатар, сұхбат барысында ол өзін жұлдыз санайтынын, бірақ Кришитану Роналду мен Лионель Мессидің деңгейіне әлі жете алмағанын айтты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или