«Мақтаарал» қорғаушысы шілдедегі үздік голдың авторы атанды

«Мақтаарал» қорғаушысы шілдедегі үздік голдың авторы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының шілде айының үздік голының авторын марапаттады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 6 үздік гол ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы футболдан Қазақстан Кубогының «Атырау» – «Мактаарал» (1-тур) кездесуінде соғылған Ерболат Рустемовтың керемет соққысы атанды. Қазақстандық ойыншының голына 332 (37,22 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.

Аталмыш жүлдені «Мақтаарал» ойыншысына Бірінші лиганың «Мақтаарал» - «Байқоңыр» ойынының алдында ҚКФЛ спорттық директорының орынбасары Бауыржан Сейсенбеков табыстады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер