Қазақстан кубогы: Тәттібаев әлі де сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр

Қазақстан кубогы: Тәттібаев әлі де сұрмергендер тізімінде көш бастап тұр
news-banner7
mobile-news-top

«Шахтер» шабуылшысы Айдос Тәттібаев Қазақстан кубогының ширек финалындағы алғашқы матчтардан кейін сұрмергендер тізімінде бірінші орында қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айдос Тәттібаев биылғы Қазақстан кубогында алты гол соққан. СДЮСШОР №8 ойыншысы Ельмар Набиев бес мәрте көзге түскен. Ал «Тобыл» футболшысы Зоран Тошич қарсылас қақпасына төрт мәрте гол салған.

Тағы бірнеше футболшы үш голдан соққан: Сейітов («Қыран»), С. Астанов («Ордабасы»), Нкоби («Тұран»), Оралбай, Люхай (екеуі де — «Мақтаарал»), Козлов («Ақжайық»), Өміртаев («Шахтёр»), Рүстемов («Мақтаарал»), Шушеначев, Дугалич (екеуі де — «Қайрат»), Ненадович («Тараз»), Смайлагич («Қызыл-Жар СК»), Сергеев («Тобыл»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер