Футбол

УЕФА маусымның үздік бапкері атағына үміткерлерді жариялады

УЕФА маусымның үздік бапкері атағына үміткерлерді жариялады
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА 2020/21 маусымының үздік жаттықтырушысына үміткерлердің үштігін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштікке Хосеп Гвардиола («Манчестер Сити»), Роберто Манчини (Италия ұлттық құрамасы) және Томас Тухель («Челси») енген.


Естеріңізге сала кетейік, Гвардиола «Ситимен» бірге Англия чемпионаты мен Англия лигасының кубогын, Манчини Италия ұлттық құрамасымен Еуропа чемпионатын, ал Тухель «Челсимен» Чемпиондар Лигасын ұтты.

Жеке сыйлықтың жеңімпазы 26 тамызда Стамбулда, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жеребе тартылатын кезде анықталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер