Бокс

Левит Олимпиададағы жеңілістен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады

Левит Олимпиададағы жеңілістен кейін қазақстандықтарға үндеу жасады
news-banner7
mobile-news-top

2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, қазақстандық боксшы Василий Левит 2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада нокаутпен жеңілгені туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды prosports.kz.

«Осындай қиын сәтте барлық оқырмандарыма және жанкүйерлеріме қолдауы мен жылы сөзі үшін алғысымды білдіремін! Сіздер менімен жеңістердің қуанышын да, жеңілістің ащы дәмін де бірге таттыңыздар! Спорт – бұл менің өмірім. Боксшылар мұндай кезде: « кімде-кім құламаса, ол қайта орнынан тұрмайды» деп айтады. Бұл сөз өзінің мақсатына ұмтылған және осы жолда күресетін кез келген адамның өміріне қатысты. Соққыдан құламау мүмкін емес, бірақ, мұндай кезде қолдауды сезінгенде, бұл өмірде жалғыз емес екенді түсінесің! Құрметті жанкүйерлер, сіздердің жылы сөздеріңізді оқығанда, сені түсінетін және олар саған сенетін адамдар бар екенін түсінесің», - деп жазды Левит Instagram-да.


Бұған дейін Қазақстан құрамасының боксшысы Василий Левит 2020 жылғы Олимпиададағы 91 келіге дейін салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде нокаутпен жеңілген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер