Ауыр атлетика

ҰОК президенті Зульфия Чиншанлоны Олимпиада медалімен құттықтады

ҰОК президенті Зульфия Чиншанлоны Олимпиада медалімен құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев ауыр атлет Зульфия Чиншанлоны Олимпиада жүлдесі – қола медалімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports. kz.

«Сіз өзіңіздің әлемдік масштабтағы ең мықты спортшылардың бірі болып саналатындығыңызды дәлелдедіңіз. Әлем чемпионатында үш рет жеңіске жеттіңіз, енді Олимпиада медалін иелендіңіз. Бұл Олимпиада жүлдесі сіз үшін де, жанкүйер болған барлық қазақстандықтар үшін де ұлттық ауыр атлетика мектебінің болашақ жеңістерінің кепілі болады», - делінген құттықтауда.

Тимур Құлыбаев ауыр атлетика федерациясының жаттықтырушылар құрамына және Федерация президенті Жанат Түсіпбековке де алғысын білдірді.

«Зульфия Чиншанло мен Игорь Сонның медальдары – бұл бүкіл федерацияның, оның басшылығының, жаттықтырушылар құрамының, күрделі ғылыми топтың күш-жігері мен шеберлігінің көрінісі, бес жылдық қажырлы еңбектің нәтижесі. Бұл спортшылар жас буын спортшылар мен барлық қазақстандықтарға тамаша үлгі», - деді ҚР ҰОК Президенті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер