Ауыр атлетика

Үшінші қола медаль! Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында жүлде алды

Үшінші қола медаль! Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында 55 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында Қазақстан атынан қатысып жатқан жалғыз спортшымыз жұлқа көтеруде 90 келіні еңсеріп, тоғыз спортшы арасынан жетінші орыннан көрінді. Ал серпе көтеруде 123 келіні бағындырды.

Қос жаттығу нәтижесі бойынша 213 келіні көтерген Зүлфия Чиншанло Токио Олимпиадасында үшінші орын алды.

Еске сала кетейік, кеше қазақстандық ауыратлет Игорь Сон қола медаль тақты. Ал оның алдында дзюдошы Елдос Сметов те жарыста үздіктер қатарынан табылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер