Бокс

Қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жектен екінші рет бас тартқаннан кейін WBO титулынан айырылды

Қазақстандық боксшы кезекті жекпе-жектен екінші рет бас тартқаннан кейін WBO титулынан айырылды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) 6 тамызда Белфастта (Солтүстік Ирландия) өтетін бокс кешінен шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл күні Тұраров WBO Inter-Continental жартылай орта салмақтағы титулын солтүстік ирландиялық Тайрон Маккеннамен (21-2-1, 6 KO) болған кездесуде қорғайды деп жоспарланған болатын.

Алайда Boxrec.com бокс статистикасы порталының хабарлауынша, Тураровтың орнына Маккеннаға қарсы мексикалық Хосе Феликс (39-4-1, 30 КО) рингке шығады, ол Тураровқа тиесілі чемпиондық белбеу үшін таласады.

Тұраров пен Маккеннаның жекпе-жегі екінші рет өтпей қалды. Осы жылдың сәуір айында боксшылар Дубайда жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ қазақстандық спортшының коронавирус сынағының оң болуына байланысты бұл жекпе-жек тоқтатылды.

Жаңқош кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы 6 шілдеде өкізді. Сол күні кешке ол Нұр-Сұлтанда үшінші раундта аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды (34-6-1, 17 КО) нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Жанқошқа WBO құрлықаралық чемпионы атағын әкелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер