«Қайрат» капитаны ауыр жарақатына байланысты маусым соңына дейін ойнамайды

«Қайрат» капитаны ауыр жарақатына байланысты маусым соңына дейін ойнамайды

«Қайраттың» капитаны Гафуржан Сүйімбаев «Црвена Звездамен» матчта алған ауыр жарақатына байланысты маусым соңына дейін ойнамайды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі жағдайымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ең маңызды сәтте ауыр жарақат алғаным өте өкінішті. Мен үшін еуропалық ареналарда ойнау басты арманымның бірі еді, бірақ өкінішке қарай ол орта жолдан үзілді. Бірақ біздің команда жетістікке жететініне сенімдімін. Ал мен бұрынғыдан да мықты болып ораламын!», - деді Ғафуржан баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» 2021/22 Чемпиондар лигасының 2-ші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта «Црвена Звезда» командасын жеңді 2:1 есебімен ұтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0